Тәртіпсіздіктер кезінде бизнеске келтірілген залал 88 миллиард теңгеден асты

8 қаңтарда таңғы жағдай бойынша бизнеске келтірілген залал шамамен 88,1 миллиард теңгеге жетті. Алматының өзінде келтірілген залал — 86,8 миллиард теңге, — делінген хабарламада.

ҰКП call-орталығына 1622 хабар түскен, оның ішінде:

  • мародерлік істер бойынша — 937;
  • форс-мажор — 23;
  • блок-бекеттер — 2;
  • жеке тұлғалардан — 650.

10 аймақта зардап шеккен 1091 нысанда орналасқан 920 бизнес субъектісі анықталған, оның ішінде Алматыда — 1027 нысанда орналасқан 856 субъект бар.