Синоптиктер 6, 7 және 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет мәліметінше, 6 қаңтардан бастап Скандинавия аудандарынан келетін циклон еліміздің басым бөлігінің ауа райына әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын болып, жел күшейіп, ауа температурасы аздап көтерілуі мүмкін.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыста және солтүстік-батыста түнде 0-8 градус аяз, елдің солтүстігі мен орталығында 5-15 градусқа дейін аяз болады, — делінген хабарламада.