Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Карталары бар адамдар картамен төлейді. Халық кейбір жерлерде интернетке байланысты онлайн төлем жасай алмайды, бірақ бұл үшін ешкімді түсіріп кетпейді, — деді CTS баспасөз қызметі.
- Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды.
- Маңғыстау облысы мен Алматыда төтенше жағдай жарияланды.
- Қазақстандағы наразылық акцияларында 200-ден астам адам ұсталды.
- Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының наразылығын тудырғаны үшін кімдердің кінәлі екенін айтты.