Жас сәбилерге қатысты 10 қызықты факті
- 6-7 айлығында сәби бір уақытта дем алып, жұтына алады. Бұл әрекетті ересектер жасай алмайды.
- 1-3 айлық баланың жылағанда көз жасы шықпайды.
- Жас ата-аналар сәбиінің алғашқы екі жылында көп ұйқысынан айырылады. Олар шамамен 4380 сағат ұйықтамайды, бұл алты айға тең.
- Жаңа туған сәбилердің көзі нашар көреді. Олар бар болғаны 25-30 см қашықтағы алшақтықты көре алады. Тек үш айынан бастап көздің көру қабілеттілігі артады.
- Ересектер минутына 15-20 рет дем жұтынса, жаңа туған сәбилер минутына шамамен 40 рет ішке дем тарта алады.
- Жер шары тұрғындарының 10%-ы солақай. Сондықтан баланың қай қолы басты екенін жастайынан анықтап алған жөн. Сондай-ақ егіздердің 22%-ы солақай болып жаратылады. Медициналық зерттеулерге сүйенсек, дұрыс жетілмеген балалар солақай болып дүниеге келеді.
- Кішкентай балалар шет тілдерін меңгеріп алуға өте қабілетті болады. Танымал «Newsweek» басылымы «10 жасына дейін екінші тілді меңгермеген бала өзге тілдерді ана тіліндей жетік меңгере алмайды» деген қорытынды жариялаған.
- Дүниеге келер сәтінде сәбидің жүрегі минутына 180 рет соғады. Бірнеше сағаттардан кейін жүрек минутына 140 рет соғу деңгейіне түседі. 1 жасында баланың жүрек соғу жиілігі минутына шамамен 155-ке дейін төмендейді. Ал ересек адамдардың қалыпты жүрек соғу деңгейі минутына 70-80 рет.
- Статистика бойынша, 3-4 жастағы балалардың көпшілігі күніне 12000 сөз айтып, 900 сұрақ қояды екен.
- Ғалымдардың айтуы бойынша, тым белсенді еңбектегендер бірден жүріп кеткен балаларға қарағанда оқуды тез меңгереді.