Ертең, 5 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, Президент әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді, — деп жазды Берік Уәли Facebook-те.
Еске салайық, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары сұйытылған газ бағасын төмендету туралы талабымен көшеге шықты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайға үн қатып, Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырды. Ол Twitter-дегі парақшасында шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс екенін де жазды.
Кеше, 3 қаңтарда Үкімет газ бағасын 85-90 теңгеге дейін төмендететінін мәлімдеді.
Ал бүгін, 4 қаңтарда президент тағы да мәлімеде жасады.
Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс, — деп жазды Twitter-дегі парақшасында.
Қазіргі уақытта еліміздегі әр аймағында митингілер өтіп жатыр.