Басты бетЖаңалықтарПрезидент Жаңаөзендегі...

Президент Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек, — деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары сұйытылған газ бағасын төмендету туралы талабымен көшеге шықты. Кейін акция Ақтау көшелерінде де тіркелді. Митингіге шыққандар жолды жапты.