Басты бетЖаңалықтарДәрігерге алданбаудың...

Дәрігерге алданбаудың жолдары қандай?

Танымал дәрігер Евгений Комаровскийдің айтуынша, заңгердің көмегіне жүгінбей-ақ әділетсіз дәрігерді бірден анықтауға болады.

«Дәрігер бір нәрсені сатып, биоқоспаларды қабылдауды ұсынса, одан аулақ жүріңіз. Сізді қабылдау кезінде нақты бір зертханаға бар десе, басқа маманның көмегіне жүгінгеніңіз жөн. Өзі жазып берген дәрілерді нақты бір дәріханадан ал десе де, оның көмегінен бас тартқаныңыз дұрыс. Егер екі дәрігер екі бөлек диагноз қойса, онда үшінші дәрігерге барыңыз. Бір нәрсені есте сақтаған жөн, жақсы дәрігер Сізге жағынып, өз әріптестерін жамандамайды, себебі жұмысы онсыз да бастан асып жатады. Ақ халатты жан шынымен де адал болса, емдеудің бағасын талқыға салмай, науқасты бірден кассаға жібереді», — дейді Евгений Комаровский.

Заңгерлердің кеңестері:

1.    Жеке меншік клиниканың көмегіне жүгінердің алдында медициналық қызметтер туралы келісімшартты рәсімдеп алыңыз. Онсыз Сіздің дәл сол мекемеде емделгеніңізді дәлелдеу қиын.

2.   Емдеудің әдістері мен жоспары жайында сізбен ақылдасып отыруы тиіс. Оған жазбаша рұқсат та беріледі.

3.    Барлық есеп-қисап түбіртектерін сақтап отырғаныңыз жөн. Сотта оны нақты дәлел ретінде ұсынуға болады.

4.     Сізге талдаулардың нәтижесін көрсетуі тиіс. Соның көшірмесін жасап алған дұрыс.

5.    Медициналық картаның көшірмесін де жасап алған артық болмайды. Себебі дау-дамай туындаған жағдайда ондағы жазбаларды ауыстырып тастауы әбден мүмкін.

6.    Халық арасында «сотта бір нәрсені дәлелдеу мүмкін емес, себебі бәрі жең ұшынан жалғасқан» деген таптаурын пікір бар. Бұл әсте олай емес. Бүгінде медициналық білімі бар заңгерлер бар. Олар дәрігердің қателігін дәлелдеп, өтемақыны өндіре алады.

ДереккөзInform.kz