Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысымен жұмыс және демалыс күндерінде сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне (азық-түлік емес), сауда желілеріне (сауда алаңы 6000 шаршы метрден астам), караокеге кіруге жұмыс режимі шектелмей, қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе (вакцинация, сынама алынған сәттен бастап 7 күннен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР сынамасы, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, кейінгі 3 ай ішінде ауырып сауыққандар) болған жағдайда рұқсат етіледі, — делінген хабарламада.
Қабылданған шаралар омикрон штамының таралу және жұғу жылдамдығына негізделген, ол қазірдің өзінде әлемнің 110 елінде анықталды, ал 30 қарашада ол небәрі 10 елде анықталған болатын.