Басты бетҚоғамАлматыда Аяжан...

Алматыда Аяжан Еділованың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотында жабық өтті. Төрағалық етуші судья Еркін Майшинов іс материалдарымен танысып, мынадай үкім шығарды:

Сотталушы Төребековке Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру, ал 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталушыға 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жәбірленушілерге 26 миллиард 358 миллион теңге түріндегі моральдық залал төлеу ішінара қанағаттандырылды. Сотталушы Төребековтен жәбірленушілердің пайдасына 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алынсын, — деді судья.

Еске салайық, 19 наурызда Алматы тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін Полиция департаменті қыздың қаза тапқанын хабарлады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында бойжеткеннің жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездесуге кеткені анықталған. Күдікті — 1993 жылы туған азамат, Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.