Басты бетЖаңалықтарДарина Құлсеитова...

Дарина Құлсеитова «Әлем аруы» байқауында өнер көрсетті (Видео)

Байқаудың жартылай финалына 86 үміткер қатысты. Олар үш кезең бойынша: өз-өздерін таныстырып, сахнаға кешкі көйлек пен шомылу киімінде шығып, өнер көрсетті.

Дарина Құлсейітова

Байқаудың финалдық кезеңі 29 қаңтар күні өтеді. Оған тек 12 ару жолдама алады. Еске салайық, биыл ұйымдастырушылар жаңа ереже енгізді, ол бойынша қазылар алқасы ТОП-11-ді өздері атайды, ал соңғы ару көрермендердің дауысымен анықталады. Бұған дейін Дарина Құлсеитова қазақстандықтардан өз дауыстарын беруді өтінген болатын.

"Семей аруы" Дарина Құлсейітова
Айта кетейік, «Әлем аруы» халықаралық байқауы осымен 65-ші рет өтіп отыр. Қазақстан атынан Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің 3-курс студенті, 19 жастағы Дарина Құлсеитова («Семей аруы») қатысуда.

Дарина «Әлем аруының» ақтық кезеңіне өтіп жатса сахна төріне қазақстандық белгілі дизайнер Аида Кауменованың ұлттық көйлегімен шығатын болады.

ДереккөзInform.kz