Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақ теңіз аудандарынан келген солтүстік-батыс циклоны әсерінен батыста, кейін шығыс және республиканың қалған бөліктерінде жауын-шашын болады. Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ, солтүстік және орталық өңірлерде бұрқасын болады. Елде ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, аяз кетуі мүмкін. 3 қаңтарда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 18 градус аяз болады, күндіз 8 градусқа дейін төмендейді, — делінген хабарламада.
Оңтүстік жартысында түнде 5 градусқа дейін жылы, ал күндіз 13 градусқа дейін көтеріледі.