«Ең бірінші банкнотты сезіп үйрену керек. Егер құлақ салып тыңдайтын болсаңыз, банконт қағазының өзіне ғана тән дыбысы болады. Сонымен қатар, барлық банкнотта қолға сезілетін арнайы шығыңқы мөр бар», – деді Тоғжан Әбішева.
Одан кейін банконтқа мұқият қарау керек. «Ақшаның сомасы жазылған жері тым қою түсті немесе лас, бояуы аққан емес пе? Егер таза болса, жарыққа шағылыстырып сутаңбаны қараңыз. Қазіргі теңгелерде «Самұрықтың» бейнесі бар. Яғни ол нақты сурет болуы керек, бұл жалған ақшалардағ көп жағдайда, өтірік қисық сызықтар болады», – деді маман.
Тоғжан Әбішева магниттік жолақтарды да естен шығармауға кеңес береді. Олар да сәулеге шағылыстырғанда бір бүтін жазулы жіп сияқты көрінуі тиіс.
Соңғы тәсіл — «Айналдыр». «Банкноттарда СПАРК элементтері деп аталатын сары түсті суреттер болады. Егер ақшаны ары-бері айналдырып қарасаңыз, ол суреттер жасыл түске енуі керек», – деп түсіндірді Ұлттық банк қызметкері.
Тоғжан Әбішева жалған ақша жасап, таратушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 231 бабына сәйкес, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылғанын атап өтті.