«Қазақтың» келесі қарсыласы – британиялық Джимми Келли (25-2, 10 КО).
Жекпе-жек 2022 жылы 21 қаңтарда АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтеді. Желіде бокс кешінің аңдатпасы жарияланды.
Ұлыбританияның Манчестер қаласында дүниеге келген Джимми Келли 29 жаста. Кейінгі рет рингке 12 желтоқсанда шығып, отандасы Гарри Мэттьюсті (16-50-3, 2 КО) үшінші раундта нокаутпен жеңген.
2015 жылы Джимми Келли бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін таласқан. Бірақ Лиам Смиттен (30-3-1, 17 КО) техникалық нокаутпен ұтылды.
Ал қазақстандық боксшы Қанат Ислам кейінгі жекпе-жегін биыл ақпан айында өткізіп, эквадорлық Джейсон Миндты (14-5-1, 8 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.