Басты бетЖаңалықтарСенат Жоғарғы...

Сенат Жоғарғы соттың жаңа судьясын сайлады

Мемлекет басшысы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповті Жоғарғы соттың судьясы қызметіне сайлау туралы ұсыныс енгізді. Оның сот қызметінде 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Сот қызметін Алматыдағы аудандық соттың судьясы қызметінен бастаған, Алматы мен Маңғыстау облысындағы екі аудандық сотты басқарды. Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасын басқарды, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы, Жоғарғы сот аппаратының басшысы болды, — деді Сенат отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Нұрсерік Шәріпов

2018 жылдың желтоқсанынан бастап Нұрсерік Шәріпов Қарағанды ​​облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған. Депутаттар Нұрсерік Шәріповті сайлауға дауыс берді.

Конституцияға сәйкес, Жоғарғы сот судьясының ант қабылдауы Сенаттың ерекше қарауына жатады. Жоғарғы соттың судьясы қызметіне алғаш рет сайланған азамат ант беруі тиіс, — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Нұрсерік Шәріпов өз міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант берді.