Францияда соңғы тәулікте 208 мың вирус жұқтыру жағдайы тіркелді, сарапшылар қаңтардың басында бұл көрсеткіш 250 мыңға дейін өсуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Дания мен Португалияда жұқтыру жағдайлары күрт көбейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келесі жылдың ортасына дейін әлем елдерінің 70%-ін вакцинамен қамту үшін күш салды.
Германияның денсаулық сақтау министрі Карл Лутербахтың айтуынша, қазір жұқтыру жағдайларының барлығы анықталып жатқан жоқ, негізінде вирус жұқтырғандар саны деректердегі көрсеткіштерден едәуір көп.
Грекияда қаңтарға жоспарланған жаңа шаралар уақытынан ерте енгізіліп жатыр, себебі сейсенбі күні елде 21 мың жұқтыру жағдайы тіркелеген. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп.
Испанияда да вирус жұқтырғандар қатары күрт көбейді, бір тәулікте 100 мың адам вирус жұқтырған. Алайда ел билігі жұмысшылар тапшылығын болдырмау мақсатында оқшаулау уақытын он күннен жеті күнге азайтты.