Басты бетЖаңалықтарПрезидент көрнекі...

Президент көрнекі ақпарат туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заң жобасы хабарландыру, жарнама, прейскурант, баға белгілері, мәзір, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде орналастыруды көздейді.