Басты бетЖаңалықтарПарламент банктердің...

Парламент банктердің кепілдік саясатын жетілдіретін заңды қабылдады

Заң жобасы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Құжат бюджеттік, салық заңнамасын және екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын жетілдіруге, бағалау қызметінің әрі атқарушылық өндірісті реттеуге бағытталған. 2021 жылғы 24 қарашада Мәжіліс екінші оқылымда мақұлдаған заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілді. Заң жобасын Сенат 2021 жылғы 23 желтоқсанда кері қайтарды. Барлығы 24 түзету енгізілді. Оның ішінде ЕАЭО-ның 2022 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін қолданысқа енгізу мерзімін кейінге шегеруге байланысты алкогольдік өнімдер мен олардың түрлеріне қатысты 15 түзету енгізілді, — деді Мәжіліс депутаты Данияр Әлімбаев.

Сонымен қатар, редакциялық түсіндіру сипатындағы 6 түзету және құқықтық техникаға 3 түзету енгізілді.

Сенат енгізген түзетулер заң жобасының тұжырымдамалық ережесін өзгертпейді. Комитет заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістермен әрі толықтырулармен келісуді ұсынады, — деді депутат.

Құжатты қарау кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.