Алматыда карантин талаптарын сақтамаған 45 нысанның қызметі тоқтатылды

Алматы санитариялық-эпидемиология бақылау департаменті басшысы міндетін атқарушысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың мәліметінше, ағымдағы жылы қалада 50 849 нысан тексеріліп, оның 4 724 нысанында карантиндік шектеулердің сақталмағаны анықталды.

Карантиндік шектеу критерийлерін бұзғаны үшін 793 заңды тұлғаға жалпы сомасы 277 миллион теңге, маска режимін бұзғаны үшін 6 234 тұрғынға 274,2 миллион теңге айыппұл салынды. Соттар карантиндік шараларды қасақана бұзған 45 нысанның қызметін тоқтатты. Қоғамдық көлікті тексеру барысында маска режимін бұзған 849 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Теміржол вокзалдарында 17 адамға және әуежайда 19 адамға айыппұл салынды, — деді Сәдуақас Байғабылов.