Қарағанды-Нұр-Сұлтан тасжолында жол апатынан бір адам қаза тапты

Полицейлердің мәліметінше, жол апаты 29 желтоқсан күні сағат 09:42-де болған.

Toyota Yaris көлігінің 36 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан — Қарағанды тасжолы бойымен келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Осылайша ол Irisbus Crossway маркалы автобуспен соқтығысқан,- деп мәлімдеді қалалық полиция қызметкері.

Жол апаты салдарынан Toyota Yaris көлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.