«2016 жылдың қорытындысы бойынша 40 796 сынама алынды, олардың 5 872-сі техникалық талаптарға сай келмей шықты. Басым бөлігі Ресей Федерациясының азық-түліктері (61%), одан кейін отандық өндірушілердің тауарлары (24%) және Қырғызстан Республикасы, Беларусь, Украина мен Францияның өнімдері (24%)»,-деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары Нұрқан Садуақасов.
Ең көп таралған құқық бұзушылық – марканың болмауы немесе сол жайында жалған ақпарат. Сонымен қатар, өнімнің өзінен табылған зиянды бактериялар мен зең.
Қарағанды азаматтық кеңесінің төрағасы Ермек Әбілдин сатып алушыларға егер өнім аталған талаптарға сай болмаса, бірден тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне хабарлассын деген кеңес айтады.
Комитет тексерісінің нәтижесінде 25 тоннаға жуық қауіпті өнім тәркіленді. Кінәлі тарап 78,9 млн теңге көлеміндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.