Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген. Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр, — деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестіне жаңа қызметте сәттілік тілеп, алғыс хат табыстады.
Бекболат Қанайұлын баршаңыз жақсы білесіздер. Елімізге, халқымызға танымал тұлға. Бүгінде Бекболат Тілеуханды білмейтін қазақ жоқ десек, артық болмайды. Ол саясатта болсын, өнер саласында болсын, қоғамдық жұмыстарда болсын, үлкен үлес қосып келе жатқан абыройлы азаматтарымыздың бірі. Бірнеше шақырылымның мәжіліс депутаты болды. Халыққа қажетті заңдарды қабылдауға ықпал етті. Әсіресе әлеуметтік-мәдени даму жолында Бекболат Қанайұлының рөлі өте зор, — деді Нұрлан Нығматулин.
Экс-депутат Бекболат Тілеухан Бүкіләлемдік этнос конфедерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды.