Құқық қорғау органдары мәліметінше, 42 жастағы әйел өзіне қол жұмсаған.
Ол өзіне қол жұмсаған, нақты айтқанда асылып қалған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды, — деді қалалық ішкі істер басқармасының өкілдері.
Оқиға Жетісу ауданында болған. Қазір жергілікті полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, Алматыда балаларды ұрған балабақша тәрбиешісі өзіне қол жұмсағаны хабарланған болатын.
Бұған дейін Алматыда балаларды ұрып-соққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісі бап бойынша жұмыстан шығарылғаны хабарланған болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.