Басты бетЖаңалықтарАлматыда балаларды...

Алматыда балаларды ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады

Иә, бұл ақпарат бізге жаңа ғана келіп түсті. Оқиға бүгін болды. 1979 жылы туған Б. есімді азаматша өз-өзіне қол жұмсады. Қазіргі таңда Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, — деді департаменттегілер.

Бұған дейін әлеуметтік желіде балаларға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.

Astana.tv телеарнасы мәліметінше, видео чатқа кездейсоқ жіберілген. Балалардың ата-анасы осылай дейді. Олардың айтуынша, мұғалім мессенджердегі топтарды шатастырып алған. Кадрларда тәрбиеші балаларды ұрғаны көрсетілген.