Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізіледі. Олар үшін сызбаларсыз, диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды. Осыған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бізге осындай тапсырма берген болатын. Бұл өзгерістер олар үшін ҰБТ- дан өтуді айтарлықтай жеңілдетеді, – деп атап өтті ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
ҰБТ-2022 аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың соңына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да бұзушылық фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.