Түркістан облысында аудан әкімі сотталды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 27 желтоқсанда Шымкенттің Қаратау аудандық сотының үкімі бойынша, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары А.Темір қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Ол 14 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелген, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, соталушы А.Темір Түркістан облысы Бәйдібек би ауданында фронт-офис құрылысы шарты бойынша 22 184 000 теңге көлемінде ақша қаражатын аударғаны үшін ЖШС директорынан алаяқтық жолмен 1 000 000 теңге көлемінде ақша қаражатын алды деп күдікке ілінген болатын.