Қазақстанда «көк» статусы барларға жаңа шектеулер енгізу ұсынылды

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев мәлімдеді.

Кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша профилактикалық шараларды енгізу ұсынылады:

  • сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері;
  • спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес орталықтары, йога орталықтары;
  • караоке;
  • бассейндер, сауналар, ванналар;
  • банктер;

«Қазпочта» АҚ бөлімшелері, халыққа қызмет көрсету орталықтарына Ashyq-та «жасыл» статусқа ие тұлғалар ғана кіре алады, — деді Жандос Бүркітбаев Үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынды.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 15 өңір «жасыл» аймақта орналасқан. Ал Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан сары аймақта. Қызыл аймақта өңір жоқ.