Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

28 желтоқсанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

28 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Талдықорғанда да түнде және таңертен тұман түседі, көктайғақ.

28 желтоқсанда Ақмола облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23 метрге жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні секундына 15-20 метр, жаяу бұрқасын соғады.

28 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстіктен тұман күтіледі. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман түсуі ықтимал.

28 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Қызылордада уақытта тұман түседі.

Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

28 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

28 желтоқсанда Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.

28 желтоқсанда Қостанай облысының орталық бөлігінде және оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Ал солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Қостанайда 28 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні түнде секундына 15-20 метр.

28 желтоқсанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында екпіні секундына 18 метр.