БҚО-да «көк» статусы барларға сауда орталығына кіруге тыйым салынды

Қаулыда «көк» статусы бар тұғындарға сауда орталықтарына кіруге тыйым салынған. Сонымен қатар вакцина алмаған азаматтар қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Жаңа қаулыға БҚО бас санитария дәрігері Мұхаметғали Арыспаев қол қойды. Ол 27 желтоқсанда күшіне енді.

Жаңа құжатта жазылған тармақтардың бірі мынадай:

Сауда және ойын-сауық үйлері, сауда орталықтары, халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын, жұмыс және демалыс күндерінде штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, қызметкерлер мен келушілерді қауіпсіз «жасыл» мәртебемен (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР-тест, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдар) кіргізу, — делінген құжатта.

Құжаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар.