Синоптиктердің хабарлауынша, солтүстік-батыс циклон еліміздің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына өз әсерін тигізіп қар жауып, бұрқасын жел күшейеді.
Суық ауа массаларының басып кіруімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ауа райы құбылмалы болады. Түнде республиканың солтүстік жартысында термометр бағаны 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 аязға дейін, оңтүстік және шығыс облыстарда 10-18 аязға дейін төмендейді, — делінген хабарламада.