Қала полициясы бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.
Әлеуметтік желіде балаларға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
Қылмыстық іс материалы Жетісу аудандық полиция бөлімі өндірісінде. Тергеу деректің мән-жайын зерделеп, тәрбиеші әрекетіне құқықтық баға береді, соған сәйкес ол жауапкершілікке тартылады, — делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.