Ол бұл туралы Facebook-парақшасында жазды.
Биылдың өзінде серпіндіктерге бөлінген 5 мыңнан астам гранттың 3,5 мыңы игерілмей қалған. Кеше осы мәселенің барлығын бағдарламаға жауапты Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Асылханұлымен талқыладық. Әрине, жобаның толыққанды жүзеге асуы бір ғана министрлікке байланысты емес, бұл университет, жергілікті әкімшілік бірлесе атқаратын ортақ жұмыс. Әзірге бәрі бір-біріне жауапкершілікті итерумен әлек, — дейді депутат.
Мәди Ахметов сонымен бірге келесі жылы бағдарлама жүзеге асып жатқан 9 аймақтағы әкімдердің орынбасарларын, 25 университет басшысын, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің басын қосып, нақты нәтиже беретін шешімдер қабылдау жөнінде уағдаласқаны туралы айтты.