Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентін 60 жасқа толуымен құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің қазақ-әзербайжан көпжақты ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ильхам Әлиевтің абыройлы басшылығымен Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық даму ісінде және халықаралық аренада толағай табысқа жеткенін айтты.

Президенттер келесі жылы жоғары деңгейде кездесу өткізуге уағдаласты.