Басты бетЖаңалықтарСбер Банктің...

Сбер Банктің ғажайып мүмкіндіктер ұсынатын уақыты

Жаңа жыл – ғажайыпқа, тосынсыйларға толы мереке. Сбер Банк жаңа жыл қарсаңында игі үрдіс ретінде бірден бірнеше ең тиімді әрі пайдалы акциялар өткізетінін жариялайды!

Оның ішінде жаңа клиенттерге арналған бұрын-соңды болмаған ұсыныс та бар: біз  7 күнде 7 млн теңге ойнатамыз! Қатысу үшін бар болғаны Sber KZ мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз да, 24 желтоқсаннан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тіркеуден өтіңіз.

10 қаңтарда тікелей эфирде кездейсоқ сандар генераторының көмегімен жеті жеңімпаз анықталады. Олардың әрқайсысы миллион теңгеден алады!

Біздің сыйлықтар қоржынымызда басқа да өте тиімді ұсыныстар бар – 100% кешбэк. 28 желтоқсанға дейін Visa карталарымен 3000 теңгеден бастап кез келген зат сатып алып, акцияның қатысушысы атаныңыз. Оның қорытындысы бойынша 40 жеңімпаз анықталады, олар ақшаларын кешбэк түрінде қайтарып алады. Қайтарылатын ең көп сома 50 000 теңгені құрайды (мысалы, егер транзакция 5 000 теңгеге жасалса, 5 000 теңге қайтарылады, егер 105 000 теңгеге жасалса, 50 000 теңге қайтарылады).

Сонымен қатар біз сүйікті клиенттерімізге жоғары мөлшерлемесі 9,3%-ды (СЖТМ) құрайтын жаңа жылдық депозит сыйлаймыз. Ұсынысты 14 қаңтарға дейін тек Sber KZ қосымшасында пайдаланып үлгеріңіз.

Жаңа жыл – бұл қашан да мереке алдындағы қарбалас, қызу дайындық! Арнайы біздің клиенттеріміз үшін Sber KZ қосымшасында 30%-ға дейін жеңілдіктер беріліп, арнайы ұсыныстар жасалады.

Сондай-ақ көпшіліктің көңілінен шыққан «Көрімдік» акциясын ұзартатынымыз туралы қуана хабарлаймыз – Сбер Банкте автонесие рәсімдеген әр көлік иесіне 10 000 теңгеден беріледі.

Sber KZ қосымшасын жүктеп алыңыз да, мереке қарсаңында өткізілетін тиімді акцияларға қатысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!