Ақорданың баспасөз қызметі жіберген хабарламада:
«Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының назарына.
Мемлекет басшысы жалпыхалықтық талқылауға енгізген «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасына ұсыныстар 2017 жылдың 26 қаңтарынан 2017 жылдың 26 ақпанына дейінгі кезеңде мына мекенжайда қабылданады:
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Үкімет үйі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі
Электронды пошта – [email protected]», — деп жазылған.