Телефон арқылы аударым жасау ватсаппен құттықтау хат жібергенмен бірдей болып қалғаны ешкімге жасырын емес. Алайда Jusan Bank аударымдар жасау ұтымды екенін де көрсетті.
1 қыркүйектен 30 қарашаға дейінгі аралықта Банк өзінің клиенттеріне арнап акция өткізді. Акция шарты бойынша телефон нөмірімен жасалған кез келген аударым үшін миллион ұтып алуға болатын.
Ғабит Нүркенов, Jusan Bank басқарма төрағасының орынбасары: «Клиенттерімізге біздің сервистерді пайдалану тек ыңғайлы болып қана қоймай, қызықты болғанын да қалаймыз! Сондықтан ең белсенді деген клиенттерімізге арнап осындай акцияны ұйымдастырдық. Бәлкім әлдекім Жаңа жыл қарсаңында миллионер атанса, екінші бір жан мереке тұсында бақыты жанып жол талғамайтын көлік иесі болуы мүмкін!»
Акция барысында 12 миллионер анықталды. Сыйлықтар жеңімпаздарға табысталды, олардың көбі алған ақшасын қажетіне жаратып та үлгерген. Jusan сыйлық иелерінің фотолары Instagram парақшаларында жарияланды. Алайда, сыйлықтар топтамасы мұнымен аяқталған жоқ, себебі қызық әлі алда еді, өйткені бұл супер акция бойынша ең басты сыйлық Toyota Land Cruiser 300 иегері әлі анықталмаған болатын! Клиенттер соңғы ұтысты асыға күтті.
Ұтыс 15 желтоқсанда ойнатылды. Рандомайзер көмегімен 20 брендті сыйлық, екі айфон және автокөлік иесі анықталды. Сыйлық, әрине, барлығына бірдей жетпеді, дегенмен офлайн және Instagram-парақшасы арқылы көрсетілген тікелей эфирдегі көрермендерді басты сыйлық кімге бұйырады, ең бақытты жан кім атанар деген ой біріктірді, өйткені ол бақытты жан мен болып қалармын деген үміт әркімде-ақ бар еді!
Басты сыйлық – жол талғамайтын қуатты автокөлік Маңғыстау облысының тұрғыны Злиха ханымға бұйырды. Злиха мұғалімдерге арналған акция жалақы жобасы бойынша Jusan клиенті атанған, ал аударымды менеджердің ұсынысы бойынша жасаған.
«Ұтамын деп ойламағанмын, бірақ үміт болды. Оны алдын ала білу, тіпті болжау да мүмкін емес. Маған қоңырау шалған соң, Алматыға келу үшін мереке күндерінің аяқталуын асыға күттім. Енді жол жүру куәлігін алу үшін оқимын, әзірше көлікті балам жүргізетін болады», — дейді Злиха.
Жеңімпазға автокөлік кілті 21 желтоқсанда табысталды, суперакция осымен аяқталды. Дегенмен Jusan-ға деген жылы ықылас бұрынғысынша тиімділігін сақтайды. Сіздер жақындарыңыз бен достарыңызды желтоқсан бюджеті есебінен үйден шықпай-ақ қуанта аласыздар. Jusan қосымшасын жүктеңіз де, Дүкенге кіріңіз және алда келе жатқан мерекелерге сыйлықтарды тегін жеткізу және 10% дейінгі бонустармен бөліп төлеу арқылы сатып алыңыз.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 07.04.21 берген жылғы № 1.2.35/225/37 лицензия.