Брифингіде Жандарбек Бекшин желтоқсанның басында Алматыдан Нұр-Сұлтандағы зертханаға жіберілген 84 сынама ішінде секвенирлеу әдісімен тексеру нәтижесі бойынша алты сынамада «дельта плюс» нұсқасы анықталғанын мәлімдеді.
Бұрын «дельта» штамының бұл нұсқасын анықтаған жоқпыз, бірақ күдіктендік. Қыркүйектен қазанға дейін науқастарда диарея жиі байқалды. Қараша-желтоқсанда клиникалық белгілер өзгеріп, нейротоксикалық белгілер пайда болды. Ол кезде дене қызуының жоғарылауы, комаға түсуге дейін науқас жағдайының нашарлауы, жадының әлсіреуі, мидың қабынуы байқалады. Сынамалар бар болса, белгілі бір штамның пайызы туралы зерттеу жүргіземіз. Бүгінде омикронға сынама жоқ, өйткені бұл жақында табылған инфекция, — деді Жандарбек Бекшин.
Алматы бас санитар дәрігерінің айтуынша, ауру жұқтырғандар арасында «дельта» штамы, «дельта плюс» және «омикрон» нұсқаларының үлес салмағын кейінірек, арнайы сараптамалар алынғаннан кейін анықтауға болады. Енді штамның болуын тек секвенирлеу арқылы анықтауға болады. Осы аптада Алматы қаласының санитарлық қызметі алыс-жақын шетелдерден келгендер арасынан сынама жібереді, бұл сынақтар нәтижесі кейінірек белгілі болады.