«Отбасы банк» басшысы зейнетақы жинағын алу бойынша ең ірі операцияны айтты

Бұл туралы Отбасы банк басшысы Ләззат Ибрагимова айтты.

Зейнетақы жинағын пайдалана отырып, тұрғын үй сатып алу бойынша ең ірі мәміле 162,4 миллион теңге болды. Яғни, бұл бұрынғысынша премиум-класстағы тұрғын үй. Бұл сегментте ең аз сомадағы мәміле шамамен бір миллион теңге. Ол сірә, ауылда немесе облыс орталығында болуы мүмкін, — деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, зейнетақы жинағын алу — Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасы өсуі себептерінің төрттен бірі.

2021 жылы сатып алу-сату операцияларының саны былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда көп болды. Бүгін таңертең 179 192 транзакция ипотекасыз жүзеге асырылды. Бұл жай ғана үйді толық сатып алуға жасалған мәміле, — деді ол.