ТМД гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Достастық жұлдыздары» – гуманитарлық саладағы жетістігі үшін берілетін ТМД-дағы басты марапат.
Салтанатты рәсімде өздерін гуманитарлық салада танытқан жастарға арналған «Дебюттер достастығы» сыйлығы да берілді. Аталған сыйлық ТМД-да Екінші Дүниежүзілік соңыстағы жеңістің 75-жылдығы болып жарияланған 2020 жылдың қорытындылары бойынша табысталды.
Сыйлық иегерлерінің арасында «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университетінің қызметкері, Смоленск мемлекеттік университеті кафедрасының оқытушысы Антон Азаренков, оқытушылар Заур Мәмедов (Әзербайжан), Армен Айвазян (Армения), тілші Екатерина Мысливец (Беларусь), суретші Алмас Нұрғожаев (Қазақстан), А.Малдыбаев атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрының солисті Фарух Садырқұлов (Қырғызстан), «Орыс тарихи-патриоттық клубы» қоғамдық ұйымының жетекшісі Алексей Петрович (Молдавия), Тәжікстан ұлттық мұражайы экскурсиялық бөлімі бастығының орынбасары Муминпур Мубирхони, Өзбекстан қарулы күштері мұражайының жетекші ғылыми қызметкері Барно Исахова бар.
Шара аралас форматта өтті, рәсімге РФ президентінің арнайы өкілі Швыдкой, Әзербайжан елшісі Бюльбюль оғлы және Гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының атқарушы директоры Анатолий Иксанов қатысты, ал лауреаттар бейнебайланысқа шыққан.
Сыйлықтардың табысталу рәсіміне ТМД Жастар симфониялық оркестрі арнайы концерттік бағдарламасын ұсынды. Сыйлық лауреттарына арнайы диплом, құрмет белгісі мен куәлік табысталады. Сыйлықтың ақшалай баламасы 2 миллион Ресей рубльін құрайды.