Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
22 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 18 852 адам коронавирус инфекциясынан (-16 365+ және 2 487 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 3 207 науқас стационарда, 15 645 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
• 273 адамның жағдайы ауыр,
• 72 науқастың жағдайы өте ауыр,
• 61 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.