«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, тек Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорология жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.