Әлеуметтік желіде «Алатау» метростанциясындағы түтіннің видеосы пайда болды. Видеода метро тоқтап, жолаушылар оның себебін білмей жатқаны көрінеді.
Пневматикалық тежеу жүйесі іске қосылған кезде тежегіш қатты қызып кетті. Қазір нақты себеп анықталып жатыр, ол электродепоға жіберілді, — деп түсіндірді метро қызметкерлері.
Кесте бойынша өзгеріс жоқ, Алматы метросы қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.