Иманбек. Фото концерт репетициясынан. Дереккөз: Coca Cola Қазақстан

Жаңа жылды шыршасыз, сыйлықтарсыз және Coca-Cola әрдайым бар мерекелік дастархансыз елестету мүмкін емес! Жүз жыл бойы көптеген адам сүйіп келген бренд қарым-қатынас пен жылуға толы ортақ кездесулердің қуанышын ерекшелеп, жаңажылдық сиқырлы көңіл-күйді сыйлайды.

Биыл Coca-Cola компаниясы қазақстандықтар үшін бірнеше ғажайып дайындады. Бұл — баршаға қолжетімді жаңажылдық онлайн-концерттер, Иманбектің жаңажылдық арнайы ремиксі, сондай-ақ бүгін, яғни 21 желтоқсанда басталатын Coca-Cola фирмалық жаңажылдық керуені!

Нақтырақ тоқтала кететін болсақ, «Грэмми» сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов Coca-Cola Қазақстанға арнап «Мейірім келе жатыр» фирмалық жаңа жылдық әуеніне ремикс жасады. Ремиксті қазірдің өзінде Яндекс.Музыка, Apple Music, YouTube және VK музыкалық алаңдарында тыңдауға болады.

25 желтоқсанда Иманбек Coca-Cola Қазақстанның YouTube-арнасында өтетін жаңа жылдық онлайн-концертте жаңа трек пен өзінің танымал хиттерін орындайды. Иманбекпен бірге концертте abdr, Raikhana Mukhlis және Moldanazar секілді танымал қазақстандық орындаушылар өнер көрсетеді.

Екінші концерт 29 желтоқсанда өтеді, оны да Coca-Cola Қазақстан YouTube-арнасында көруге болады. Бұл концертте МОТ, ANDRO және The Limba өнер көрсетеді. Әншілер ел сүйіп тыңдайтын композицияларын нақты уақыт режимінде орындау үшін Алматыға арнайы келеді. Екі концерт те Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 20:00-де басталады.

Сонымен бірге, 21-30 желтоқсан аралығында Coca-Cola фирмалық қызыл керуені Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент көшелерімен жүріп өтеді. Қазақстанның үш ірі қаласының қонақтары мен тұрғындарын жаңажылдық декорациялар мен иллюминациялар, музыка мен жарқын фотоаймақтар күтеді. 30 мың метрден астам жарық гирляндалары, шамдар мен қызықты дизайн ешкімді бей-жай қалдырмайды! Керуеннің бағытын және онымен байланысты іс-шараларды әлеуметтік желілердегі Coca-Cola парақшаларынан бақылауға болады.

Coca-Cola және музыка бір-бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Ұзақ жылдар бойы бренд Рэй Чарльз, Арета Франклин, Элвис Пресли, Тейлор Свифт және Maroon 5 сияқты әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен жұмыс істеді. Музыка — Coca-Cola-ның негізгі құралдарының бірі, себебі музыканың әмбебап тілі бүкіл әлеммен сөйлесуге, жаңа дарындарды ашуға, өмірдегі жағымды сәттерді жасауға шабыттандыруға және оларды жарқын етуге, сондай-ақ адамдарды бақытты етуге мүмкіндік береді. Жаңа жыл ғажайыбынан, Coca-Cola-ның қайталанбас дәмінен, «сиқырлы көпіршіктерінен» және Иманбектің арқасында жаңаша шырқалған фирмалық жаңажылдық әуеннен рахат алыңыз.

Келе жатқан Жаңа Жылыңызбен!