Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полицияның мәліметінше, мегаполисте жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін жаңғыртудың, қайта құрудың және дамытудың бірінші кезеңі бойынша жұмыс аяқталып, жүйеге 93 бағдаршам қосылды.
Қазіргі күні УПО ғимараттарын жөндеу жұмыстары аяқталды, қызметтік бөлме мен детекторлық зертхана жабдықталды, 93 бағдаршам нысанында Euro контроллерлер орнатылды. Жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі 357 бағдаршамды қосу бойынша екінші кезеңдегі жұмыстар 2022 жылға жоспарланған. Екінші кезең аяқталғаннан кейін жүйе нақты уақыт режимінде бағыттар бойынша нақты қозғалыс қарқындылығын, статистиканы есептеуді және көлік қозғалысы қарқындылығын талдауды, бейімделу режимінде кері санақ тақтасының жұмысын ескере отырып, қиылыстардағы қозғалысты реттеуді қамтамасыз етеді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.
Екінші кезеңнің маңызды көрсеткіштері мынадай:
- Көлік өткізу қабілетін арттыру — 18-20%
- Жол жүру уақытын қысқарту — 15-25%
- Жол бойындағы аялдамалар санының азаюы — 20-40%
- Атмосфераға шығатын шығарындылар көлемін азайту — 7%
- Жанармай шығынын азайту — 5-10%
- Қоғамдық көлік қозғалысының кешігуін азайту — 20-60%.