Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек бір апта бұрын қалада екі жол ашылғанын айтты. Осыған байланысты көлік қозғалысына алғашқы аралық талдау жүргізілген.
Оның нәтижесі бойынша жолдағы қозғалыс Абай даңғылында 30%, ал Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшелері қиылысындағы жолайрықта 25% жақсарған. Жолайрық салу қақтығыс нүктелері санын азайтуға және өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік берді, бұл экологиялық жағдайға және жалпы қауіпсіздікке жақсы әсер етті. Абай даңғылының Саин және Момышұлы көшелері қиылысындағы бағдаршам режимін реттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл Шаляпин, Жандосов және Райымбек даңғылы көшелеріндегі көлік жүктемесін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді, — деді Нұрлан Аманбек.