2021 жылы 6 желтоқсанда «Ұлттық сараптама орталығы» COVID-19-ға ПТР-тестілеу қызметінің құнын 6 400-ден 4 900 теңгеге дейін төмендетті. Ұлттық сараптама орталығы республиканың 17 өңірінде қызмет көрсетеді. ПТР-тест құны Алматыда (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге дейін, Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін төмендетілді, — делінген хабарламада.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР-тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті.
Сонымен қатар республика бойынша филиалдары бар ірі желілік зертханаларда COVID-19 ПТР-тестілерінің бағасы бұрынғы күйінде қалып отыр, орташа алғанда 7,4 мың теңге көлемінде.