Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конкурс Түркістанға 10 әуе бағыты, Көкшетау, Петропавлға 3 әуе бағыттан, Балқаш, Үржар және Үшаралға 2 әуе бағыттары бойынша өтті.
Әуе бағыттарды субсидиялау өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар, бұл ретте коммерциялық негізде орындау үшін кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін әуе бағыттарын тұрақты рейстермен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі,- делінген хабарламада.
2022 жылы осы әуе бағыттар бойынша ұшуларды орындауға тасымалдаушылар ретінде «SCAT», «Qazaq Air» және «Южное небо» әуе компаниялары анықталды.
Әуе билеттерінің бағасы 9 000-нан 25 000 теңге аралығында болады.