Басты бет / Жаңалықтар /
571989f3059c9acaeaf943721b5fac78 Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған монета айналымға шығады

Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған монета айналымға шығады

Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.

«QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL» коллекциялық монеталары:

Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады. 2021 жылы қазақ балуаны және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады.

2112211130000200g Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған монета айналымға шығады
Ұлттық банк баспасөз қызметі

Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде ҚР мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.

Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуы бар.

Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Қажымұқан Мұңайтпасұлының суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін «150 JYL» деген жазу, оң жағында күрес өнерінің фрагменті мен монетаның шыққан жылын білдіретін «2021» деген жазу, сол жағына қарай монетаны айналдыра «QAJYMUQAN MUŃAITPASULY» деген жазу орналасқан.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram