20 желтоқсан күні 4 497 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 571, II компонентін – 2 926 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 20 желтоқсан аралығында қалада 1 039 754 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 000 343 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 999 адамның жасы 60-тан асқан,- деп хабарлады басқармадан.
Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 24 727 адам салдырды. Оның ішінде 1 393 жүкті әйел, 4 935 бала емізетін ана және 18 399 жасөспірім бар.
Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.

