Басты бетҚоғамБүкіләлемдік бокс...

Бүкіләлемдік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегіне қатысты шешім шығарды

WBO боксшылардың өкілдеріне хабарлама жолдаған, ол бойынша тараптар кемі 200 мың доллар ұсыныспен бокс кешін ұйымдастыру құқы үшін таласа алады. Ресми құжатта сауда шарттары көрсетілген.

Бұл айқас гонорары шамамен, екі түрлі бөлінеді — 75 пен 25 немесе 80 мен 20. Оның үлкен бөлігі чемпионға тиесілі, ал азы үміткерге. Ал сауданың шамалай уақыты — 2022 жылдың 15 қаңтары.

Жәнібек Әлімханұлы Twitter-де WBO шешіміне қатысты: Оңай жұмыс, — деп жазды.

Бұған дейін қазақстандық келесі жекпе-жегі туралы ақпараттың жақын арада шығатыны туралы хабарлаған болатын. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы Андрадемен жұдырықтасуға міндетті қарсылас ретінде белгіледі.