Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Toyota Land Cruiser жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан әйел мен баланы қағып кеткен.
29 жастағы әйел алған жарақаттан оқиға болған жерде көз жұмды. Бес жастағы қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Алайда бала ес жимастан ауруханада қайтыс болды, — делінген полиция хабарламасында.
Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 4-баба 345-бөлімі (Көлік жүргізушінің жол ережесін бұзуы) бойынша іс қозғалды.
Аталған бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау излояторына қамалды.